#
#
Сенбі 22/02/2020

Коронавирус: қазақстандық студенттерді қайтару мәселесі қаралып жатыр

  • 28.01.2020
  • 0
  • 234

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Үкімет үйінде баспасөз мәслихатын өткізіп, Қытайдағы қазақстандық студенттердің жай-күй туралы ақпарат берді, – деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

«Қазіргі уақытта Ухан қаласында 98 қазақстандық студент бар. Қазақстанның Қытайдағы елшілігі арқылы олармен тікелей байланыс орнатылған. Күнделікті олармен сөйлесіп отыр. Студенттерде қажетті дүниенің барлығы бар. Себебі, олар оқитын университеттер медициналық құралдар, бетперделер сынды барлық заттармен қамтамасыз етіп отыр. Азық-түлігі, барлығы жеткілікті. Қазіргі уақытта Премьер-Министр тапсырмасымен бізде ведомстволық комиссия құрылды. Жақында отырыс өтті. Біз қазір студенттерді эвакуациялау мәселесін пысықтап жатырмыз. Бұл мәселе бойынша Қытай тарапына ресми нота жіберілді. Енді ұшақтың қай маршрутпен баратыны, қайда тоқтайтыны , қайдан алып кететіні пысықталу барысында», - деді ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев.

Сонымен бірге, ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Уханнан қазақстандық студенттер жеткізілген жағдайда қандай шаралар қолданылатынын айтты.

 

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар