21 мам, 2020 сағат 11:15

Елімізде 3 777 адам коронавирустан жазылып шықты

Қазақстанда тағы 42 науқас коронавирустан жазылып шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында - 7, Алматы қаласында - 11, Шымкент қаласында - 1, Атырау облысында - 10, Түркістан облысында - 6, Қарағанды облысында - 4, Маңғыстау облысында - 1, Қызылорда облысында 3 адам дертінен айыққан.

Осылайш, Қазақстан бойынша қауіпті індеттен жазылғандар саны 3777-ге жетіп отыр:

Нұр-Сұлтан қаласы – 640
Алматы қаласы – 1103
Шымкент қаласы – 210
Ақмола облысы – 96
Ақтөбе облысы – 164
Алматы облысы – 150
Атырау облысы – 203
Шығыс Қазақстан облысы – 28
Жамбыл облысы – 154
Батыс Қазақстан облысы – 189
Қарағанды облысы – 167
Қостанай облысы – 50
Қызылорда облысы – 219
Маңғыстау облысы – 71
Павлодар облысы – 141
Солтүстік Қазақстан облысы – 29
Түркістан облысы – 163