29 мам, 2020 сағат 18:30

Коронавирус инфекциясынан емделіп шыққан адам саны 5057-ге жетті

Қазақстанда тағы 46 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында - 8, Алматы қаласында - 31, Жамбыл облысында 7 адам дертінен айыққан.

Осылайша, Қазақстан бойынша жазылғандар саны 5057-ге жетіп отыр:

Нұр-Сұлтан қаласы – 1054
Алматы қаласы – 1451
Шымкент қаласы – 248
Ақмола облысы – 106
Ақтөбе облысы – 179
Алматы облысы – 180
Атырау облысы – 294
Шығыс Қазақстан облысы – 54
Жамбыл облысы – 187
Батыс Қазақстан облысы – 281
Қарағанды облысы – 221
Қостанай облысы – 64
Қызылорда облысы – 233
Маңғыстау облысы – 123
Павлодар облысы – 148
Солтүстік Қазақстан облысы – 35
Түркістан облысы – 199