28 нау, 2020 сағат 21:53

Коронавирус індетіне шалдыққандар саны 229-ға жетті

Алматы қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 1 адам анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

«28 наурыз сағат 00.50-дегі жағдай бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Алматы қаласында тiркелді. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласында - 135 адам, Алматы қаласында – 60, Қарағанды облысында - 7, Ақмола облысында - 6, Атырау облысы - 5, Жамбыл облысында - 3, Шымкент қаласында - 2, Шығыс Қазақстан облысында - 2, Алматы облысында - 4, Ақтөбе облысында - 1, Солтүстік Қазақстан облысында - 1, Павлодар облысында - 1, Маңғыстау облысында - 1, Қызылорда облысында - 1, жалпы 229 науқас тіркелді», - делінген ақпаратта.