25 ақп, 2020 сағат 21:20

Коронавирус: Футболдан Еуропа чемпионатының финалдық кезеңі кейінге қалдырыла ма?

UEFA вице-президенті Мишель Ува коронавирус дертіне байланысты 2020 жылғы Еуропа чемпионаты финалдық кезеңін өткізуден бас тарту немесе кейінге қалдыру жөнінде пікірін білдірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Чемпионат сайтына сілтеме жасап.

«Қазір біз жағдайды бақылап отырмыз. Футбол елдегі жағдайға байланысты реттелуі тиіс. Біз турнирді тоқтатпауға тырысамыз. Жағдай күрделі сипатқа ие болса, жарыс тоқтатылады», - деді Мишель Ува.

Естеріңізге сала кетелік, 2020 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңі 11 мемлекеттің 12 стадионында өткізіледі. Турнирге 24 құрама қатысады. Жарыс 12 маусымда басталып, 12 шілдеде Англияның «Уэмбли» стадионында мәресіне жетеді.