Бұндай шешімге Италиядағы коронавирустың өршуі себеп болып отыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Еуропа лигасының 1/16 финалының «Интер» - «Лудогорец» командалары арасында болатын қарымта ойыны жанкүйерсіз өтеді, деп хабарланды Болгария командасының ресми сайтында.
Мұндай шешім Италиядағы коронавирустың өршуіне байланысты қабылданды. Бұған дейін елде вирустың таралуына байланысты италиялық А сериясының 25 турының төрт матчы тоқтатылған еді. Сондай-ақ әуесқой және жастар лигасында 42 матч кейінге қалдырылды.
Айта кетейік, командалар арасындағы алғашқы матчта «Интер» сырт алаңда 2:0 есебімен басым түскен болатын.