05 ақп, 2020 сағат 13:49

Коронавирус: Екі күнде қазақстандық дәрігерлер 8 мың шетелдікті тексерді

Коронавирус індетіне байланысты шекаралық бекеттерде тексеру жұмыстары күшейтілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп мәлімдеді.

«Биылғы жылдың 2-4 ақпаны аралығында Қазақстанға басқа елдерден мемлекеттік шекара пункттері арқылы 127 мың 573 адам кірді. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап, 764 683 адам келді. 2-4 ақпан аралығында 8 676 азамат ҚР халықаралық әуежайларында қаралды. Оның ішінде 8 092 жолаушы және 584 экипаж мүшесі бар. Бір жасқа дейінгі бір баладан дене қызуы анықталды. Медициналық қызметкерлер бұл балаға ЖРВИ диагнозын қойды», - Диас Ахметшәріп Қазмедиа орталығында өткен брифингте.

Айта кетейік, 6 қаңтардан бастап, бүгінге дейін Қазақстанға Қытайдан 30 394 қазақстандық келді.

5 ақпанға дейін ЖРВИ белгілері бар 104 адам ауруханаға жатқызылды, 71 адам ауруханадан шығарылды. 33 пациент стационарда қалды.

Әлем бойынша, жаңа коронавирус салдарынан қаза тапқандар саны бүгін 490-ға жетті.