#
#
Жұма 03/04/2020

Коронавирус: Даниал Ахметов Қытаймен шекаралас ауыл тұрғындарын сабырға шақырды

  • 19.02.2020
  • 0
  • 171

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Қытаймен шекаралас ауыл тұрғындарын коронавирустан үрейленбеуге шақырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бүгін аймақ басшысы Даниал Ахметовтың халық алдында есеп беру кездесуінде Зайсан ауданының тұрғыны Бақыт Сырбаева шекарадағы елді мекен жұртшылығы Қытайда тараған жұқпалы вирустан қорқып отырғанын жеткізді. Әкім қазіргі уақытта жағдайдың қатаң бақылауда екенін айтып, халықты сабырға шақырды.

«Өңірімізде коронавирустың таралуына жол бермеу үшін жедел штаб құрылған. Қазақстанда инфекция жұқтырған ешкім жоқ. 17 ақпаннан бастап Қытайдан келген әрбір азамат 2 аптаға обсервациялық бақылауға жатқызылады. Облыстың медициналық мекемелерінде коронавирусқа қарсы препараттар қоры жеткілікті. Сондықтан баршаңызды үрейленбеуге шақырамын. Жағдай бақылауда», - деді Даниал Кенжетайұлы

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар