05 мау, 2020 сағат 14:55

Коронавирус: БҚО-да ауруханаға ауыр халде түскен сәбидің беті бері қарады

БҚО жұқпалы аурулар ауруханасында 124 адам коронавирустан емделуде, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткеніндей, соның 8-і – балалар. Олардың бәрі де орташа ауыр халде. 

«Соның ішінде екі жасар баланың беті бері қарады. Бұрын ол жасанды тыныс алу аппаратына қосылса, қазір өздігінен демалады. Тамағын ішеді», деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.