14 там, 2020 сағат 06:05

Коронавирус белгісі бар пневмония: 934 науқас тіркеліп, 10 адам көз жұмды

14 тамызда елімізде коронавирус инфекциясының белгілері бар 934 пневмония тіркелді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 934 жағдайы және 10 өлім жағдайы тіркелді.

1 тамыздағы жағдай бойынша ауырғандар саны 16 666-ға жетсе, 198 науқас қайтыс болды», делінген хабарламада.