02 сәу, 2020 сағат 12:27

Коронавирус: Аустралия ғалымдары екі вакцинаны сынақтан өткізіп жатыр

Аустралия ғалымдары коронавирусқа қарсы екі вакцинаны тестілеуді бастады, деп хабарлайды ВВС агенттігі.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Оксфорд университеті мен америкалық Inovio Pharmaceutical компаниясы шығарған вакцинаны жануарларға тестілеуге рұқсат берді. Ал Аустралияның ұлттық ғылым агенттігі вакцинаны бағалап, адамға қауіпсіздігін анықтайтын болады.

«Өткен айда АҚШ-та вакцина адамға сыналған еді. Ол кезде жануарларға тестілеу сатысы кейінге қалдырылған болатын. Бүгінгі таңда бүкіл әлемде басқа да вакциналар жасалып жатыр», - деп жазады автор. Мақалада айтылғандай, Аустралиядағы сынақтан өткізіліп жатқан вакцина жануарларға тестілеу моделін де қамтыған алғашқы кешенді зерттеу болады. 

«Негізінен, вакцинаның толық дайын болуы үшін 1 жылдан екі жылға дейін уақыт кетеді. Бірақ біз бұл уақытты бірнеше айға қысқарттық», - дейді ғалымдар. Олардың айтуынша, жануарларға жасалған тестілеудің нәтижелері маусым айында белгілі болады.