06 сәу, 2020 сағат 22:17

Коронавирус: Атырау тұрғындарына 1300-ге жуық тест жасалды

Атырау облысының тұрғындарына коронавирус инфекциясын анықтайтын тест жасалған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

«Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жергілікті тұрғындар арасында коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін 1300-ге жуық ПТР тест жасалған. Оның ішінде қауіпті індетті 29 адамның жұқтырғаны белгілі болды. Covid-19 дертіне шалдыққандармен жақын байланыста болған барлық тұлғаға ПТР сынақтары жүргізіліп, тест қорытындысы теріс нәтиже көрсетті» -деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.

ПТР тесттеріне негізделген диагностика – адам ағзасындағы коронавирустық инфекцияны анықтайтын нақты әдіс. Сынама тест вирустың РНҚ фрагменттерін анықтауға негізделген.