05 мау, 2017 сағат 08:41

"Қорғастағы" кісі өлтіру оқиғасының жай-жапсары анықталды (Видео)

Алматы облысының Панфилов ауданында адам өлтіру оқиғасы болды. Бұл туралы мәліметті өңірлік ІІД кезекші бөлімінің өкілдері растады, - деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz.

"Бізге белгілі мәлімет бойынша, 2017 жылдың 4 маусымында сағат 15.40-та "Қорғас" ШЫХО территориясында шекара және кеден өткізу учаскесінде суық қару қолданылған қақтығыс болды. Екі саудагер жанжалдасқан. Олар Қазақстан азаматтары - Кәрібжанов Диас Ернарұлы (1995 жылғы, Көктал ауылында тұрады) және Төлегенов Қуаныш Берікұлы (1992 жылғы, Әулиеағаш ауылында тұрады). Оқиға салдарынан Төлегенов алған жарақатынан ауруханаға барар жолда қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, қақтығысты Төлегенов бастаған", - делінген полицияның хабарламасында. 

Өңірлік ІІД баспасөз қызметінің өкілдері "Адам өлтіру" бабы бойынша соталды тергеудің басталғанын хабарлады. Күдікті ұсталып, изоляторға қамалған.