06 ақп, 2019 сағат 20:35

«Қорғаста» 200 келі иесіз дәрі-дәрмек табылды

Қорғастағы шекарашылар екі центнерден астам иесіз дәрі-дәрмек тапты, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.

«Қорғас» шекара бекеті жасағының шекарашылары жүкті Халықаралық шекара ынтымақтастық орталығының аумағын тексеру кезінде ҚР-ға кіретін залдан тапқан.

«Жалпы салмағы 209 келіден астам жүктің ішінен Қытай өндірген дәрілік заттар шықты. Заңсыз тауардың иесі шекарашылардың жақындағанын көріп, адамдардың арасымен білдірмей кетіп қалуы мүмкін. Ол табылған жоқ. Тауар акт бойынша «Алтынкөл» шекара бекетінің қызметкерлеріне берілді», - делінген хабарламада.