21 қар, 2019 сағат 13:37

Қорғаныс министрлігінде кеңейтілген алқа отырысы өтті

Қорғаныс министрлігінде кеңейтілген алқа отырысы өтті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алқа отырысына Қорғаныс министрлігі мен Бас штаб басшылығы, департаменттер мен бас басқармалар бастықтары, әскер түрлері бас қолбасшыларының орынбасарлары, өңірлік қолбасшылықтар мен әскер тектері әскерлерінің қолбасшылары, бригадалардың, полктердің, авиациялық базалардың, сақтау қоймаларының, оқу орталықтарының командирлері, әскери оқу орындарының, әскери полиция органдарының бастықтары, сержанттар құрамы, ҚР ҚМ ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылары қатысты.

Күн тәртібінде 2019 оқу жылындағы Қарулы күштер қызметінің қорытындысы қаралды. Министрге әскерлердің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін, жедел, жауынгерлік және жұмылдыру дайындығын, сондай-ақ Қарулы күштерді дамытудың жай-күйін талдау нәтижелерін баяндады.

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штаб бастығы генерал-майор Мұрат Бектанов және ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Бауыржан Тортаев баяндама жасады.

Генерал-майор Мұрат Бектановтың айтуынша 2019 жылы Қарулы күштерде жоспарланған барлық іс-шара толық деңгейде орындалды. Жыл бойы бөлімшелер 20-дан астам халықаралық, 2 түраралық оқу-жаттығуға қатысты. Құрлық әскерлерінде жауынгерлік даярлық бойынша 7 мыңнан астам оқу-жаттығу өткізілді. Бұл оқу-жаттығулар әр елдің әскер топтарының өзара іс-қимылының жоғарғы деңгейге жетуі мен жеке құрамның жауынгерлік даярлығының артуына ықпал етті.

Құрылымдық бөлімшелерге жауаптылар әскер қызметінің жай-күйіне және әскери бөлімдер мен мекемелердің диверсияға қарсы қауіпсіздігіне, сондай-ақ әскери тәртіпке талдауды таныстырды. Талқылау барысында әскери қызметшілердің отбасымен жұмыс істеу және жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу саласындағы қызметтер назардан тыс қалмады.

Алдағы оқу жылында жаңа геосаяси жағдайларда қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатерлердің көрсетілуін кепілдікпен қамтамасыз ететін Қарулы күштердің бейнесін жетілдіру жөніндегі жұмыс жалғастырылады.

Министр жеке әскер түрін дамыту, сондай-ақ әскерді кешенді қайта жарақтандыру қажеттілігін атап өтті.

Кеңейтілген алқа отырысы соңында 2019 жылғы жауынгерлік сайыстардың жеңімпаздары марапатталды. Әскер түрі арасынан – Құрлық әскері, өңірлік қолбасшылықтар мен әскер тектері арасында «Оңтүстік» және «Шығыс» өңірлік қолбасшылықтары, Десантты-шабуылдаушы әскерлері үздіктер қатарынан көрінді.