20 сәу, 2019 сағат 12:01

Қордайдағы жол апаты: Мәулен Әшімбаев марқұмдардың туыстарына көңіл айтты

«Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Жамбыл облысында орын алған ірі жол апатында көз жұмған марқұмдардың отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Жамбыл облысындағы ірі жол апаты туралы суыт хабар менің де көңілімді құлазытып жіберді. Осыған байланысты өзімнің және «Nur Otan» партиясының атынан апат салдарынан қаза болғандардың отбасы мен туған-туыстарына қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігімді білдіремін», - деп жазды Мәулен Әшімбаев Фэйсбуктағы парақшасында.

Оның айтуынша, қазіргі таңда осы оқиғаға қатысты арнайы комиссия құрылып, облыстық әкімдік тарапынан шұғыл түрде тиісті жұмыстар жүзеге асырылып жатыр.

«Бұл жұмыстарға «Nur Otan» партиясы да белсене араласып, қажетті шараларды қолға алды», - дейді партия төрағасының орынбасары.