#
#
Cәрсенбі 21/08/2019

Президент Қордайда жол апатынан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты

  • 20.04.2019
  • 0
  • 906

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қордайдағы жол апатынан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Президенттің Твиттердегі парақшасына сілтеме жасап.

«Қордай тас жолында болған ірі жол апатынан 11 адам көз жұмды. Арасында Өзбекстан азаматтары да бар. Марқұмдардың туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Өзбекстан Республикасының Президентіне жеделxат жібердім. Біздің жолдарымыздың аxуалы үлкен алаңдаушылық туғызып отыр, ІІМ-де өткен кеңесте осы мәселені айттым. Үкіметке шұғыл түрде шаралар қабылдауды тапсырдым», - деп жазады Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Айта кетейік, трагедия бүгін сағат 05:00-де Алматы-Ташкент тасжолының 181 километрінде болды. Апат салдарынан оқиға орнында сегіз адам көз жұмды, 32 адам ауруханаға жеткізілді, алған жарақатынан тағы үш адам жан тапсырды.  

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 345-бабының төртінші бөлігіне (екі немесе одан көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) сәйкес алдын ала тергеу басталды.

Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша ІІІМ мен облыстық полиция департаменті қызметкерлерінен жедел тергеу тобы құрылды. Тергеу барысында сот сараптамаларының қорытындысы ескеріле отырып көлік жүргізушілерінің кінәсі анықталады.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар