#
#
Жексенбі 29/03/2020

Көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақы 8-ші баладан бастап сараланады

  • 17.02.2020
  • 0
  • 205

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілген көпбалалы отбасыларға арналған мемлекеттік жәрдемақыларды 8-ші және одан кейінгі балағасаралау жоспарланып отыр.

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Біржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Біржан Нұрымбетовтің айтуынша, 2019 жылдың қорытындысы бойынша 486 мың отбасына немесе 2,4 миллионға жуық адамға АӘК тағайындалды. Жалпы алғанда, АӘК 244,2 млрд теңге сомасында төленді. Сонымен қатар министр 2020 жылдан бастап АӘК-пен қамтамасыз етудің жаңа тәсілдері енгізілгенін және бұл тәсілдердің ашық, әділ екендігін және еңбекке ынталандыруды көздейтінін баса айтты.

«Көпбалалы отбасыларға табыстарына қарамастан, балалар санына қарай сараланған мөлшерде 42 500-ден 74 400 теңгеге дейін төленетін жәрдемақы енгізілді. Бұл жәрдемақы қазірдің өзінде шамамен 370 мың отбасына төленді. 2020 жылға осы мақсаттарға бюджетте 177,6 млрд теңге қарастырылған. Қазіргі уақытта байқасаңыздар жеті баладан ары қарай біркелкі мөлшерде. Сондықтан, біз осы мәселені қарастырып, сегізінші және одан кейінгі балаларға да жәрдемақыны сараланған түрде төлеу мәселесін қарастырып жатырмыз. Сонда сегіз балаға 74 000 емес, 85 000, он балаға – 106 000, он бес балаға – 159 мың теңгеден төленетін болады», - деді Біржан Нұрымбетов.

Сонымен қатар ол жаңа тәсілдерге сәйкес АӘК тоқсан сайын тағайындалатындығын атап өтті. Егер еңбекке қабілетті әлеуметтік көмек алушылар жұмысқа орналасуға жәрдемдесу шараларынан бас тартса, онда АӘК көрсету бүкіл отбасына тоқтатылатын болады.

«Осы жылдың 1 ақпанына көмек 37,4 мыңнан астам отбасына немесе 187,3 мыңнан астам адамға, оның ішінде 122,9 мың балаға тағайындалды. Сонымен қатар, табысы аз отбасылардың балалары үшін кепілдендірілген әлеуметтік топтама енгізілді және беріле бастады. Әкімнің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарлары кепілдендірілген әлеуметтік топтамалардың уақытылы берілуін қамтамасыз етуі керек. Табысы аз отбасындағы әрбір балаға мемлекеттік көмек көрсетілуі тиіс», – деді министр.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар