#
#
Жексенбі 25/08/2019

Көпбалалы аналар Аружан Саинмен кездесті

  • 23.07.2019
  • 0
  • 990

23 шілде күні ҚР Білім және ғылым министрлігінде көпбалалы аналардан құралған бастамашыл топ мүшелері ҚР-дағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинмен кездесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Министрліктен мәлім еткендей, жүздесу барысында балалардың құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелерді бірлесіп талқылау үшін платформа құру келісілді.

Кездесуге ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова, Денсаулық сақтау, Ішкі істер министрліктерінің, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның өкілдері қатысты.

«Жиынға қатысушылар диалог барысында балалардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілікті күшейтетін және кәмелет жасқа толмағандардың жыныстық қол сұқпаушылығына қатысты қылмыстарға жазаны қатайтатын түзетулерді ұлттық заңнамаға енгізу мүмкіндігін талқылады», - деді министрліктен.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар