18 қар, 2019 сағат 11:53

Қопа көлінде мұз астына түсіп кеткен балықшы құтқарылды

Көкшетауда көлде балық аулап отырған 67 жастағы ер адам құтқарылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметіне, оқиға бүгін түске дейін Қопа көлінде болған. 1952 жылғы балықшының мұздың астына түсіп кеткенін құтқарушылар көріп қалған.

«Құтқару жасағының қызметкерлері мұз ойылып суға батып бара жатқан ер адамды көріп, жағаға алып шықты. Құтқарушылар ер адамның қан қысымын тексерді. Балықшының жағдай жақсы», - дейді ведомствоның баспасөз хатшысы Динара Есенбаева.