25 жел, 2017 сағат 12:01

Концертте Төреғали Төреәліге көрермен не деп айғайлады? (Видео)

Желіде атышулы видео тарап, басы дауға қалған әнші Төреғали Төреәліге концертке келуші тыңдарманның қандай сөз айтып, жанжал бастағаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желіде пайда болған жаңа видеода осыған дейін тараған роликтердегі оқиғаға дейінгі жағдай көрсетілген. Онда Сахнада көрермен баламен суретке түсіп, онысына кешірім сұраған әншіге залдан тыңдармандарының бірі "Ты позоришь Кызылорду!" деп айғайлағаны естіледі. "Я сам кызылординец" деп айғай салады ер адам. Оны қолдап, бірді-екілі тыңдарман қол соғады.

Оған Төреғали Төреәлі біраз іркілістен кейін "Ты кто такой, давай до свидания, шығарып жіберіңіздер, маған керегі жоқ. Сау болыңыз, аға, ауырмаңыз. Жүрген жеріңізде дос-жарандарыңыз аман болсын. Сіз мына концертті позор қылып жатсыз ғой конкретно айтқанда" деп жауап береді.