10 қаз, 2019 сағат 13:51

Константин Сыроежкин 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Константин Сыроежкин он жылға сотталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2019 жылғы 7 қазанда Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер бойынша сотымен Сыроежкин Константин Львович, 1956 ж.т., ҚР ҚК 175-бабы 1-б. – «Мемлекетке опасыздық жасау» бойынша кінәлі деп танылып, 10 жылға сотталды», - делінген хабарламада.