15 ақп, 2020 сағат 12:28

Конькимен жүгіруден әлем чемпионаты: Қазақстан рекорды тіркелді

Солт-Лейк-Ситиде конькимен жүгіруден әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жарыс барысында командалық спринт бойынша Қазақстан рекорды тіркелді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ерлер арасында аталған бәсекеге Роман Креч, Станислав Палкин, Александр Кленко және Артур Галиев қатысты. Қазақстандық спортшылар финалда алтыншы орыннан көрінді. 1:20.398 көрсеткішімен олар Қазақстанның жаңа рекордын тіркеді. Нидарланды спортшылары 1:18.187 нәтижесімен үздік танылса, екінші орынға 1:18.533 уақытпен Қытай құрамасы, үшінші орынға 1:19.545 көрсеткішімен Норвегия жайғасты.