17 қар, 2016 сағат 07:46

Қонаевтың соңғы туған күн мерекесі (Видео)

https://www.facebook.com/arman.nurkaliev/videos/1030285183767479/

Қонаев туралы аңызға бергісіз әңгімелер көп. Оның 24 жыл бойы бір пәтерде тұрғаны, жұмысына жаяу барып, жаяу қайтатыны, ешқандай қорғаушысыз жүретіндігі, аңшылықты серік етіп, қару-жарақ жинайтыны да толып жатқан әңгіме. 81 жыл ғұмыр кешкен қазақтың дара тұлғасы ұлт үшін айтарлықтай қызмет атқарғаны белгілі.

Тәуелсіздіктің тұғырлы сәтін көзімен көрген дара дарынның соңғы туған күн мерекесі де қарапайым өткен секілді. Танымал журналист Арман Сқабылұлының әлеуметтік желіге жариялаған мына бір видеосынан соны аңғарғандай боламыз. 1992 жылы 12 қаңтар Димаш Ахметұлының ақырғы туған күнін атап өту мерекесі болған екен. Видео авторы да бұл мерекенің Димаш атамыз үшін соңғы туған күні болғанын айтады.

Үш рет Еңбек ері атанған Дінмұхамед Қонаевтың бұл мерекесіне өзінің етжақындары мен өнер иелері, танымал қоғам қайраткерлері қатысқан екен. Ал қазақ эстрадасының жарық жұлдызы, қазақ ән өнерінің жезтаңдайы Роза Рымбаева Димаш атамыздың алдында «Арман-ай» деп ән шырқап тұр.

baq.kz