26 жел, 2017 сағат 17:20

Композитор Владимир Шаинский өмірден озды

Әйгілі композитор Владимир Шаинский 93 жасында өмірден озды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Жаңа ғана Ресей Кеңестік Федерациялық Социалистік Республикасының халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, композитор Владимир Шаинскийдің көз жұмғаны белгілі болды», - делінген «Культура» телеканалының сайтында.

Шаинский «Антошка» (1969), «Катерок» (1970), «Приключения Незнайки и его друзей» (1971-1973), «Аврора» (1973), «Крошка Енот» (1974), «Трям! Здравствуйте!» (1980), «Мама для мамонтенка» (1981) мультфильмдеріне музыка жазған композитор ретінде көпке танымал. Сазгер Роман Качановтың Чебурашка мен Қолтырауын Гена туралы мультфильміне де ән жазған. Анимациялық картиналармен бірге, Шаинский «Дрозды», «Травы, травы», «Не плачь, девчонка», «Идет солдат по городу» және өзге де кинотуындыларға ән дайындаған өнер иесі.

2007 жылдан бері сазгер АҚШ-тың Сан-Диего қаласында тұрған.