16 мам, 2019 сағат 10:25

Көлік иелері терминал арқылы сақтандыру құжатына ие бола алады


2019 жылдың 1 маусымына дейін Қазақстанның барлық аумағындағы ХҚКО-да сақтандыру терминалдары жұмыс жасайтын болады.

Бұл бастама қағазбастылықтан арылуға ықпал жасайтын болады. Сонымен қатар, ХҚКО-ғы толассыз кезектің болуын тудырмайды. Осы орайда, елімізде 400-ге жуық сақтандыру терминалы орнатылады деп күтілуде.

«Қазақстанда электронды сақтандыру жұмысы бес айдан бері жұмыс істеп келеді. Бірақ осы уақыт ішінде айтарлықтай нәтиже байқалмады. Интернет арқылы бар болғаны 500 мыңға жуық полис сатылған. Бұл қазақстандықтардың интернет арқылы сатып алуына деген сенімінің жоқтығын білдіреді. Бұл сақтандыру түрі барлығына қолайлы емес. Сақтандыру терминалдары - құжаттарды ресімдеу және онлайн-тіркеу аралығындағы оңтайлы, әрі сенімді жол болмақ. Сондықтан, қазақстандықтар мұндай терминалдарға мол сенім артады», - дейді «Freedom Finance Insurance» директорлар кеңесінің төрағасы.

Қазіргі таңда автокөлікті сақтандыру нарығы 16 млрд теңгеге жеткен. Сақтандырудың жалпы көлемі, соның ішінде өмірді сақтандыру 118 млрд. теңгені құрайды. Ал, 86 млрд теңге жалпы сақтандыруға тиесілі.

Сонымен қатар, АҚИ А ҚЖ МС полисін Qiwi терминалдары арқылы рәсімдеуге де болады. Бұл қызмет барлық өңір бойынша 16 мың автоматтандырылған қондырғыға орналастырылған. Ол үшін телефон нөмірі, ЖСН, көлік құралдарының нөмірі және т.б. ақпараттарды енгізу керек.

«Қазір компания терминал, сайт және Qiwi арқылы интернеттегі сақтандыруға баса назар аударғысы келеді. Сондықтан, сату офистерінен, филиалдардан және агенттерден бас тарттық. Басты назарды қызмет көрсету және сақтандыру төлемдеріне аударып отырмыз. Сонымен қатар, авариялық-құтқару қызметтері де, апат орын алған жағдайда жылдам жұмыс істейді», - дейді Тимур Турлов.

Турловтың айтуынша, компания шығын мөлшерін есептеу үдерісін автоматтандырған. Осылайша, апаттан келтірілген залал 350 мың теңгеден аспаса, онда автокөлік иелері банк картасынан бір сағат ішінде ақша алады.

Еске сала кетейік, бұл атқарылып жатқан жұмыстар барысы еліміздегі «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының аясында жүзеге асып жатыр.