11 сәу, 2017 сағат 09:38

Көкшетаудың іргесіндегі ауылды су басты

Көкшетаудың іргесінде орналасқан ауыл үйлерін су шайып,  43 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ТЖД мәліметі бойынша төтенше жағдай ағымдағы жылдың 11 сәуірінде таңғы 05:45 шамасында Зеренді ауданының Шағалалы ауылында орын алған.

"Шағалалы өзенінің суы көтерілуі салдарынан ауылдағы 4 үй мен 9 үйдің ауласын су шайып кетті. Осының салдарынан 43 адам (оның ішінде 9 бала) және 154-ке жуық үй жануарлары қауіпсіз жерге көшірілді.

Қазіргі кезде су сору жұмыстарына ТЖД жеке құрамынан 21 адам және 9 техника мен 4 жүзу құралы, жергілікті атқарушы органдардан 3 адам және 1 техника, жергілікті полиция қызметінен 4 адам және 1 техника жұмылдырылып, су тасқынының салдарын жою шараларын жүргізуде", - деп түсіндірді ТЖД баспасөз қызметінен.