19 қаз, 2019 сағат 09:12

Көкшетауда алғашқы қар қаланы ақ ұлпаға көмкеріп тастады

Көкшетау қаласына алғашқы қар түсті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Түнде басталған қар толассыз жауып, қаланы ақ ұлпаға көмкеріп тастады. Осының салдарынан тұрғындардың жүріп-тұруы мен көлік қатынасы біршама қиындады. Қаланың орталық көшелерінде көлік кептелістері орын алуда.

Синоптиктер өңірде алдағы күндері күн суытатын болжауда.

Қазіргі кезде Көкшетауда ауа температурасы минус 2 градусты көрсетіп тұр.