#
#
Жексенбі 29/03/2020

Қоқиқаздар Каспий теңізінде наурызға дейін тұрақтайды

  • 17.02.2020
  • 0
  • 223

Қоқиқаздың солтүстіктегі тұрақтайтын ең соңғы нүктесі - Қазақстан. Каспий теңізі маңындағы Қаракөлге ұшып келген бір топ қоқиқаз наурызға дейін осында қонақтайды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Суы жылы әрі тайыз болғандықтан қоқиқаздан бөлек, қаз, үйрек, аққу да көктем-күзде осында ұшып келеді. Жылдың әр маусымында 60-қа дейін қанаттылар келсе, оның 20-дан астамы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

Маңғыстау символдарының бірі саналатын қоқиқаздың әлем бойынша 8 түрі тараған. Соның 2 түрі Қазақстанда мекен етеді. Соңғы санақ бойынша, елімізде 15-18 мыңдай қоқиқаз ұя салады екен. Антарктидадан басқа барлық құрлықта мекендейді. Әсіресе, өзен сағаларында, суы тұзды, қышқыл көлдерде тұрақтайды.

Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Тұрғанбай Шапағатовтың айтуынша, Қаракөлде наурызға дейін тұрақтап, демалады. Бірақ жұмыртқаламайды.

«Қаракөл - Қызыл кітапқа енгізілген қанаттылар тұрақтайтын мекен. Сондықтан да бұл аумақ табиғат қорғау инспекторларының жіті бақылауында. Қорықтың аумағына кіреді. Қоқиқаздар Қаракөлден басқа Түпқараған ауданы төңірегіндегі Сартас, Қаражанбас жері мен Түлен аралдарында болады. Өмір сүруге қайсысы қолайлы болса, соған ауысып отырады. Көріп отырғаныңыздай, ақпан айынан бастап келді. Көктемге дейін осында болады. Олар мұнда жұмыртқаламайды. Тек уақытша демалады. Қаракөл көлінде жыл сайын көруге болады»,-дейді орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Тұрғанбай Шапағатов.

Қоқиқаздар осы жерде тынығып, демалып болғаннан кейін Маңғыстаудан да ыстық Түрікменстан, Иран жаққа қарай немесе Қорғалжынға ұшып кетеді. Қаракөлде биыл қыста екі мың аққу, төрт мыңға жуық үйрек тектес құстар мекен еткен.

Еске сала кетейік, біз бұған дейін Каспий теңізіне бір топ қоқиқаз ұшып келгенін хабарлаған едік.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар