06 қар, 2017 сағат 08:34

Көкбөрі Мүбарак: "Дала жақтан кекілді айлар домалап..."

Жас ақын Көкбөрі Мүбарактың бір топ өлеңін оқырман назарына ұсынамыз. 

ҚОСБАСАР 

Дүниені тыңдайсың анарыңдай жиркеніп, 
Нетер ол? 
Омырауыңды бүркеніп, 
Арыңа сіңіп кете бер. 

Денеңе түсің құмартып, 
Ағарып тіпті келесің... 
Жалбыздай денеңді бұралтып, 
Түтіндей жетер елесің. 

Үш ауыз сөзіңді түз көміп, 
Құтылар сөздер қайда бар? 
Ерніңнен түскен алтын күннің де іздері, 
Алтынша ғана ойланар. 

Қияқтар кекілін қияды, 
Көгере қалса тас маңдай, 
Еңліктердің тұяғы 
Ерініңнен қашқандай. 

Көшегештен кіре аласың, 
Бүлдіргеннен бөліне бастап- ақ, 
Бүлдірген мен бұрымыңның арасын, 
Қып- қызыл бір отырды жас жалап. 

Емендердің жаңбыры 
Арқасы үшін өрілген, 
Сен қандай қыз ең тағдырын 
Қос бұрымы келіп жемірген... 

ТЕҢІЗ - СҰЙЫҚ БАЛБАЛДАЙ 

Теңіз - сұйық балбалдай, 
Маңғыстауға тұр қарап. 
Теңіз - сұйық балбалдай, 
Әттең, өзін ырғап ап. 

Сұйық балбал ендігі, 
Жатыр еді шалқалап. 
Сұйық сұлу қанжардай боп ентігіп, 
Бір өлең түр айдан өзін қалқалап. 

Қалқалама айдан әппақ денеңді, 
Ей, өлең! 
Мен сен үшін айдап барам кемемді, 
Сұйық балбал қасынан секіріп түс кемеге! 

Теңіз - сұйық балбалдай, 
Көлеңкем де сұйылып, 
Теңіздің де білесің тісі түгел маржандай, 
Тісіне тіс құйылып. 

Жаңарса ғой тісім де, 
Жаңарса еді тілім де сұйық балбал тілінде. 
Жаңарса еді бүгін де ол, 
Жаңарсам деп толқын тұр өз тісінде дірілдеп. 


ЖОЛ ҚОҢЫР 

Жаңбыр да жауады жердегі ізіне 
Басқаға бармай- ақ... 
Жауа алмай жүргенім күзіме, 
Тамшымды кетеді қар бояп. 

Мен жауа берем бе тағы да, 
Бояушы қарларға. 
Аспанша тезектеп, өттім дер жамырап, 
Қарлар бір тезек сап маржаннан. 

Қарлардың тезегін көсіп қап, 
Аспаннан ұят- ақ, болды деп аңқиып тұрғанда оны мен. 
Көзімнен көз алды қасықтап, 
Өз көзін тығып ап, 
аспанға қарады сонымен. 

Жауар едім мен жердегі ізіме, 
Қар солай қылды ғой қастандық. 
Жаңбырдан жауады басқа бір бірдеңе, 
көзіңнің өзі ғой үндеме, 
дегенін естідім тастардың. 

Жауар ем... ізім бе- 
қарларша қарады ол?!... 
Қара жердің де түймесін басып ап сорлады... 
Бір тамшы қара жер 
Көзіме тамбаса болғаны. 


ТҮНГЕ ТҮН 

Қап- қара түннің қабірін 
Алақанымнан ашамын. 
Түннің де тұңғыш жанымын, 
Сарығымды түнмен басамын... 

Қара қоғаның басынан 
Мөлт етіп тамған түн еді. 
Мөлт етіп ғана асығам, 
Түн екенімді өзім білемін... 

Күңгірт оттардың жүрегін 
Балапан қаздар иіскелеп, 
Ернімді қуып жүремін, 
Кеудемді күңгірт түс бөлеп. 

Кірпігің түсіп барады, 
Түтіні болып түндердің... 
Түтініңді қосып аламын, 
Мақалдай тәтті ең, бірден бір! 


АЙ АРБАУ 

Дала жақтан кекілді айлар домалап, 
Жүрегіндей жылқының. 
Кетті бірде мені де олар аралап, 
Кекілді айлар кіндігімнің ала қашып бүртігін. 
Алып қашты бүртігін. 
Алып қашып бүртігін. 
Бүртігім мен кіндігімнің арасында жол қалып, 
Ысқырады сызықтар. 
Қолымды үнсіз өрмекшідей торладым, 
Сызықтардың сілекейін тым тосындау үзіп қап. 
Дала жақтан келеді айлар домалап, 
Мынау тағы басқа айлар... 
Жердің бетін дөп- дөңгелек білегіне орап ап, 
Табанымнан айдың өзі басталған. 
Табаныма таңқы қарап тұрған ай, 
Қолын созып кіндігімнің ұшына... 
Кіндігімнен аққан сабын жылдар- ай, 
Айдың басын қысып ап. 


ҮКІ ДЕНЕМНІҢ ИСІ 
(Анаға сағыныш) 

Үкілісайдың барлық үкісін көтеріп, 
Ғаламды ашып келемін, 
Үкіше тосын жөтеліп, 
Үкідей үркем себебі... 
Үкілісайда мен туылар кезде, 
Бірнеше үкі-анам жиылып ап мынау қабықтай 
Үкілісайды шоршытып етіп балықтай, 
Іңірден бетер қалықтап, 
Өзеннің күллі сырғаларына дейін алып қап, 
Үкілісайдың қыңқылын алты- жеті үңкілмен доғарып, 
Шебер қолындағы жақұттан да бетер жаны арып, 
Жұмыртқалағай жатқанда, 
Буазы демеді ғой бұл сайды ешкім. 
Мен осы саймен сөйлестім, 
Буазы деңдер бұл сайды, 
Құлағы тұнық тыңдайды. 

Үкі ішінен жарып шығатынын енді сезген бе, 
Қояншық өзеннің бәрі енді, 
Үкілісайды дүниеге алып келген де, 
Үкілер еді әуелі. 
Тастар қыдыра жөнелер кезде Қыналы миымнан 
шабыт кеп. 
Есінеген де үкілер - 
ербеңдейді уақыт боп. 
Денемді жойып алғанмын, 
Көзім ғана отыр әлемде, 
Шиеттей денесін арманның, 
Көзіммен сұрадым әрең мен. 
Көзіме менің жүзік салып кеткен айды да, 
Кешірдім... 
Үкі басындай қайғыға, 
Қай бабамның басын өсірдім?!... 
Бір тал үкідей күн шықты, 
Қарап ем оған орман боп, 
Орманымның мұрнынан қыңсылай ұшқан шымшықты, 
Ай шаншып көрді арман деп. 
Арғы Қазақтардың менің көзімнен түскен 
кіндігінің бәріне обал-ақ, 
Үкі күлкісі айдың тісін де жаралап, 
Поэзиямның жартысы жүр еді, 
Үкі боп қамығып, 
Томиристың үйін орап ап. 
Арық елестерімді ойына ап, 
Жарқылдасқанда ғаламдар... 
Менің көзімді ойып ап, 
өз көзін салған анам бар... 
Үкілердің ақыны ем, 
Түн уылдырықтарынан 
өзімді еппен алып бөлінгем, 
Түннің ұшына дейін семіргем, 
Құшақта мені адамдар! 

 

ӨМІР 

Жолбарыстай дөңгелеп, 
Жарғақ кидім тері бөлеп, 
Жапырақтай тас болып, 
Тана көздей жас торып, 
Тұйғындайын тұрысып, 
Тағыландай құрысып, 
Бөрідейін бөңденіп, 
Аңшыдай бұлан өңгеріп, 
Балапандай балаурап, 
Орман өрттей алаурап, 
Жыландайын инеліп, 
Аш қабандай түйреліп, 
Қарсақтайын қараулап, 
Қарлығаштай самаурап, 
Тазқарадай кілкейіп, 
Дуадақтай үлкейіп, 
Текедей қаба сақалым, 
Жирен бұлақтай мақалым, 
Бұлдыр, бұлдыр күн өтті, 
Буасындай ботаның. 
Тауешкідей қияншы, 
Қобыландай бұлаңшы, 
Менің ергенектей жаныма, 
Самұрықтай қуаншы. 
Лашын төзім сарқылып, 
Қарақасша шарқ ұрып, 
Жүйткіп барады құс көңіл, 
Бір қауырсынын көкте қалтырып. 
Қияқты тайдай орғытып, 
Сегізаяқтайын жол жүріп, 
Айдағардай теңселіп, 
Бұқатанадай кең шолып, 
Бөлтіріктей бауырлап, 
Кескередей сауырлап, 
Азу тісі алты қарыс, 
Қоламта тілі жарты талыс, 
Айшықтап тұрған түренін, 
Барыс мініп жүремін. 
Маралдайын манар тұяқ, 
Шыңардайын сағалы құяқ, 
Тұлпарларым жүр оттап, 
Жаба алмай жүр баранын қияқ. 
Тынжыдайын жылы түр, 
Саязымайды құты бір, 
Бұғы – ормандардың патшасы, 
Мүйізінде ағаштің пірі тұр – 
Ол пірі оттай алқандап, 
Үйеңкідей шалқаңдап, 
Шымшықтайын шекулеп, 
Құрқылтайдай желкілдеп, 
Маңқыдайын ойланып, 
Арқардайын алмайып, 
Құмайдайын қан жайып, 
Басында үпелдейді шалқаңдап, 
Мүйізіне шынарды арқандап. 
Эһ, аспаныма құлайын, 
Теңбілденіп тұр, аһ, күн-айым. 
Мынау жаздың бейнесі, 
Мысықтайын мүләйім, 
Қабарыймын шыбындай, 
Жылқымен сөйлестім суындай, 
Тарбағадай тасалы, 
Тарлан күн нені ашады?! 
Шағырайып шаяндай, 
Бақырайып қояндай, 
Мынау Ертіске кім ие, 
Қалсам бір күні оянбай. 

Көкбөрі Мүбарак – 1994 жылы Алтай аймағында, Көктоғай ауданының Оспан батыр шоқысы деген жерінде дүниеге келген. Қазір Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің «Археология және этнология» факультетінде 4 курс студенті. 

 

ДҮНИЕНІ ТЫҢДАЙСЫҢ АНАРЫҢДАЙ ЖИРКЕНІП

 

Көкбөрі Мүбарак

 

 

ҚОСБАСАР

 

Дүниені тыңдайсың анарыңдай жиркеніп,

Нетер ол?

Омырауыңды бүркеніп,

Арыңа сіңіп кете бер.

 

Денеңе түсің құмартып,

Ағарып тіпті келесің...

Жалбыздай денеңді бұралтып,

Түтіндей жетер елесің.

 

Үш ауыз сөзіңді түз көміп,

Құтылар сөздер қайда бар?

Ерніңнен түскен алтын күннің де іздері,

Алтынша ғана ойланар.

 

Қияқтар кекілін қияды,

Көгере қалса тас маңдай,

Еңліктердің тұяғы

Ерініңнен қашқандай.

 

Көшегештен кіре аласың,

Бүлдіргеннен бөліне бастап- ақ,

Бүлдірген мен бұрымыңның арасын,

Қып- қызыл бір отырды жас жалап.

 

Емендердің жаңбыры

Арқасы үшін өрілген,

Сен қандай қыз ең тағдырын

Қос бұрымы келіп жемірген...

 

 

ТЕҢІЗ- СҰЙЫҚ БАЛБАЛДАЙ

 

Теңіз - сұйық балбалдай,

Маңғыстауға тұр қарап.

Теңіз - сұйық балбалдай,

Әттең, өзін ырғап ап.

 

Сұйық балбал ендігі,

Жатыр еді шалқалап.

Сұйық сұлу қанжардай боп ентігіп,

Бір өлең түр айдан өзін қалқалап.

 

Қалқалама айдан әппақ денеңді,

Ей, өлең!

Мен сен үшін айдап барам кемемді,

Сұйық балбал қасынан секіріп түс кемеге!

 

Теңіз - сұйық балбалдай,

Көлеңкем де сұйылып,

Теңіздің де білесің тісі түгел маржандай,

Тісіне тіс құйылып.

 

Жаңарса ғой тісім де,

Жаңарса еді тілім де сұйық балбал тілінде.

Жаңарса еді бүгін де ол,

Жаңарсам деп толқын тұр өз тісінде дірілдеп.

 

 

ЖОЛ ҚОҢЫР

 

Жаңбыр да жауады жердегі ізіне

Басқаға бармай- ақ...

Жауа алмай жүргенім күзіме,

Тамшымды кетеді қар бояп.

 

Мен жауа берем бе тағы да,

Бояушы қарларға.

Аспанша тезектеп, өттім дер жамырап,

Қарлар бір тезек сап маржаннан.

 

Қарлардың тезегін көсіп қап,

Аспаннан ұят- ақ, болды деп аңқиып тұрғанда оны мен.

Көзімнен көз алды қасықтап,

Өз көзін тығып ап,

аспанға қарады сонымен.

 

Жауар едім мен жердегі ізіме,

Қар солай қылды ғой қастандық.

Жаңбырдан жауады басқа бір бірдеңе,

көзіңнің өзі ғой үндеме,

дегенін естідім тастардың.

 

Жауар ем... ізім бе-

қарларша қарады ол?!...

Қара жердің де түймесін басып ап сорлады...

Бір тамшы қара жер

Көзіме тамбаса болғаны. 

 

 

ТҮНГЕ ТҮН  

 

Қап- қара түннің қабірін 

Алақанымнан ашамын. 

Түннің де тұңғыш жанымын, 

Сарығымды түнмен басамын... 

 

Қара қоғаның басынан

Мөлт етіп тамған түн еді.

Мөлт етіп ғана асығам,

Түн екенімді өзім білемін...

 

Күңгірт оттардың жүрегін

Балапан қаздар иіскелеп,

Ернімді қуып жүремін,

Кеудемді күңгірт түс бөлеп.

 

Кірпігің түсіп барады,

Түтіні болып түндердің...

Түтініңді қосып аламын,

Мақалдай тәтті ең, бірден бір!

 

 

 

 

АЙ АРБАУ

 

Дала жақтан кекілді айлар домалап,

Жүрегіндей жылқының.

Кетті бірде мені де олар аралап,

Кекілді айлар кіндігімнің ала қашып бүртігін.

Алып қашты бүртігін.

Алып қашып бүртігін.

Бүртігім мен кіндігімнің арасында жол қалып,

Ысқырады сызықтар.

Қолымды үнсіз өрмекшідей торладым,

Сызықтардың сілекейін тым тосындау үзіп қап.

Дала жақтан келеді айлар домалап,

Мынау тағы басқа айлар...

Жердің бетін дөп- дөңгелек білегіне орап ап,

Табанымнан айдың өзі басталған.

Табаныма таңқы қарап тұрған ай,

Қолын созып кіндігімнің ұшына...

Кіндігімнен аққан сабын жылдар- ай,

Айдың басын қысып ап.

 

 

ҮКІ ДЕНЕМНІҢ ИСІ

(Анаға сағыныш)

 

Үкілісайдың барлық үкісін көтеріп,

Ғаламды ашып келемін,

Үкіше тосын жөтеліп,

Үкідей үркем себебі...

Үкілісайда мен туылар кезде,

Бірнеше үкі-анам жиылып ап мынау қабықтай

Үкілісайды шоршытып етіп балықтай,

Іңірден бетер қалықтап,

Өзеннің күллі сырғаларына дейін алып қап,

Үкілісайдың қыңқылын алты- жеті үңкілмен доғарып,

Шебер қолындағы жақұттан да бетер жаны арып,

Жұмыртқалағай жатқанда,

Буазы демеді ғой бұл сайды ешкім.

Мен осы саймен сөйлестім,

Буазы деңдер бұл сайды,

Құлағы тұнық тыңдайды.

 

Үкі ішінен жарып шығатынын енді сезген бе,

Қояншық өзеннің бәрі енді,

Үкілісайды дүниеге алып келген де,

Үкілер еді әуелі.

Тастар қыдыра жөнелер кезде Қыналы миымнан

шабыт кеп.

Есінеген де үкілер -

ербеңдейді уақыт боп.

Денемді жойып алғанмын,

Көзім ғана отыр әлемде,

Шиеттей денесін арманның,

Көзіммен сұрадым әрең мен.

Көзіме менің жүзік салып кеткен айды да,

Кешірдім...

Үкі басындай қайғыға,

Қай бабамның басын өсірдім?!...

Бір тал үкідей күн шықты,

Қарап ем оған орман боп,

Орманымның мұрнынан қыңсылай ұшқан шымшықты,

Ай шаншып көрді арман деп.

Арғы Қазақтардың менің көзімнен түскен

кіндігінің бәріне обал-ақ,

Үкі күлкісі айдың тісін де жаралап,

Поэзиямның жартысы жүр еді,

Үкі боп қамығып,

Томиристың үйін орап ап.

Арық елестерімді ойына ап,

Жарқылдасқанда ғаламдар...

Менің көзімді ойып ап,

өз көзін салған анам бар...

Үкілердің ақыны ем,

Түн уылдырықтарынан

өзімді еппен алып бөлінгем,

Түннің ұшына дейін семіргем,

Құшақта мені адамдар!

 

 

ӨМІР

 

Жолбарыстай дөңгелеп,

Жарғақ кидім тері бөлеп,

Жапырақтай тас болып,

Тана көздей жас торып,

Тұйғындайын тұрысып,

Тағыландай құрысып,

Бөрідейін бөңденіп,

Аңшыдай бұлан өңгеріп,

Балапандай балаурап,

Орман өрттей алаурап,

Жыландайын инеліп,

Аш қабандай түйреліп,

Қарсақтайын қараулап,

Қарлығаштай самаурап,

Тазқарадай кілкейіп,

Дуадақтай үлкейіп,

Текедей қаба сақалым,

Жирен бұлақтай мақалым,

Бұлдыр, бұлдыр күн өтті,

Буасындай ботаның.

Тауешкідей қияншы,

Қобыландай бұлаңшы,

Менің ергенектей жаныма,

Самұрықтай қуаншы.

Лашын төзім сарқылып,

Қарақасша шарқ ұрып,

Жүйткіп барады құс көңіл,

Бір қауырсынын көкте қалтырып.

Қияқты тайдай орғытып,

Сегізаяқтайын жол жүріп,

Айдағардай теңселіп,

Бұқатанадай кең шолып,

Бөлтіріктей бауырлап,

Кескередей сауырлап,

Азу тісі алты қарыс,

Қоламта тілі жарты талыс,

Айшықтап тұрған түренін,

Барыс мініп жүремін.

Маралдайын манар тұяқ,

Шыңардайын сағалы құяқ,

Тұлпарларым жүр оттап,

Жаба алмай жүр баранын қияқ.

Тынжыдайын жылы түр,

Саязымайды құты бір,

Бұғы – ормандардың патшасы,

Мүйізінде ағаштің пірі тұр –

Ол пірі оттай алқандап,

Үйеңкідей шалқаңдап,

Шымшықтайын шекулеп,

Құрқылтайдай желкілдеп,

Маңқыдайын ойланып,

Арқардайын алмайып,

Құмайдайын қан жайып,

Басында үпелдейді шалқаңдап,

Мүйізіне шынарды арқандап.

Эһ, аспаныма құлайын,

Теңбілденіп тұр, аһ, күн-айым.

Мынау жаздың бейнесі,

Мысықтайын мүләйім,

Қабарыймын шыбындай,

Жылқымен сөйлестім суындай,

Тарбағадай тасалы,

Тарлан күн нені ашады?!

Шағырайып шаяндай,

Бақырайып қояндай,

Мынау Ертіске кім ие,

Қалсам бір күні оянбй.

 

 

(СОҢЫ)