21 нау, 2018 сағат 10:27

Қоғам қайраткері Нұрлан Ерімбетов дүниеден озды

Қазақстан Азаматтық альянсының бұрынғы президенті, қоғам қайраткері, тележүргізуші Нұрлан Ерімбетов дүниеден озды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі марқұмның әріптестеріне сілтеме жасап.

Ерімбетов ем қабылдау үшін Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығына жатқызылған болатын. Медициналық орталықтан мәлім еткендей, ол бүгін түнде бақилық болған. 

Ерімбетов Нұрлан Кенжебекұлы 1960 жылы 28 мамырда Қызылорда қаласында дүниеге елген. Артында әйелі мен екі ұлы қалды. Соңғы қызметі - «Самұрық-Қазына» АҚ омбудсмені.