11 мам, 2017 сағат 08:39

ҚМГ, "Эйр Астана" және "Қазатомөнеркәсіп" компаниялары 2019 жылға қарай жекешелендіріледі

Еліміздің ірі компаниялары - «Эйр Астана», «ҚазМұнайГаз» және «Қазатомөнеркәсіп» 2019 жылдан кешіктірілмей жекешелендірілетін болады. 

Бұл туралы ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов сәрсенбі, 10 мамыр күні мәлімдеді.

«Үш компанияның акциялары IPO арқылы сатылатын болады», - деді министр Reuters агенттігіне Кипрде өткен Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкінің жыл сайынғы жиналысы шеңберінде.

Қазақстанда 120-дан астам шағын және орта компания жекенің қолына өтіп үлгерді. Қазіргі уақытта ірі кәсіпорындарды жекешелендіру жұмыстары жүргізілуде.