#
#
Сенбі 20/07/2019

Клизмадан күйіп қалған бала: Медбике жұмыстан қуылды

  • 04.04.2019
  • 0
  • 1186

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Шымкент қаласында клизмадан күйіп қалған балаға қатысты тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен жоспардан тыс тексеру жүргізді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жоспардан тыс тексеріс барысында мынадай кемшіліктер анықталды: тиісті рұқсаты жоқ инфекционист-дәрігер клиникалық қызмет көрсеткен, процедураны тәжірибесіз медбике жасағандықтан, клизма жасау тәртібі бұзылған. Ал аурухананың  жауапты қызметкерлері медициналық процедураның дұрыс атқарылуын қадағаламаған. Аталған факті бойынша 2 медбике жұмыстан шығарылды, бас медбике қызметінен алынды, бас дәрігердің орынбасары мен емдеуші дәрігерге қатаң сөгіс жарияланды» делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, Шымкенттегі қалалық инфекциялық аурухананың бас дәрігеріне әкімшілік жаза ретінде 45 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, тексерістің қорытындысы бойынша материалдар процессуалдық шешім шығару үшін құқық қорғау органдарына жіберіледі.

«Бүгінде 10 айлық нәресте санитарлық авиация көмегімен Алматы қаласындағы Педиатрия  және балалар хирургиясы ғылыми орталығына жеткізілген. Қазір баланың жағдайы ауыр емес, тұрақты. Оң жақ жамбасы мен тікішегінің күйгені анықталды. Балаға ректоскопия жасау кезінде тікішектің шырышты қабатының күйгені байқалады. Бірақ, қансырау мен некроз белгілері  жоқ. Тікішектің басқа бөлігі өзгермеген. Бала консервативті ем қабылдауда. Мамандардың айтуынша, науқастың емінде оң нәтиже байқалады» деп мәлім етті комитеттен.

Еске сала кетейік, оқиға 28 наурыз күні болған. Аурухана медбикесі клизма жасау кезінде судың температурасын тексермеген. Ол температура 36 градус болу керек болса, балаға 50-60 градус ыстық сумен жасалған. Салдарынан баланы термиялық күйік шалған. Он айлық сәбидің күйіп қалуына себепкер болған 2 медбике мен аға медбике тергеу аяқталғанға дейін жұмыстан шеттетілді. 

Сондай-ақ, денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов аталған жағдайға қатысты пікір білдірді.  Айта кетейік, бүгінде баланың жағдайы денсаулық сақтау министрлігінің ұдайы бақылауында.  

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар