16 там, 2019 сағат 06:52

КХДР Жапон теңізіне тағы екі зымыран ұшырды

Бүгін Солтүстік Корея Жапон теңізіне тағы екі зымыран ұшырды, деп хабарлайды Yonhap агенттігі.

Корея Республикасының Штаб бастықтары комитеті таратқан хабарға сәйкес, снарядтар Канвондо провинциясының Тхончхон уезінен ұшырылған. Снарядтардың типі, ұшу ұзақтығы, максималды биіктігі сияқты ақпараттар жарияланған жоқ.

«Біз әр жағдайға дайын бола отырып, ендігі зымырандардың ұшырылуын үзбей аңдып отырмыз», - делінген комитеттің мәлімдемесінде.

Пхеньян 25 шілдеден бері осымен алтыншы рет зымыран ұшырды.

Зымырандардың бұған дейінгі легі 10 тамызда ұшырылған.