11 там, 2017 сағат 09:21

КХДР тұрғыны түнде теңіз арқылы Оңтүстік Кореяға жүзіп өткен

КХДР тұрғыны жұма күні түнде Оңтүстік Кореяға теңіз арқылы жүзіп өтті, деп хабарлайды оңтүстіккореялық әскери қызметкерлер.

«Бүгін түнгі сағат бірде Кедондо аралынан теңіз арқылы өткен солтүстік Корея тұрғыны құтқарылды», - делінген Оңтүстік Корея қарулы күштері штаб басшыларының біріккен комитеті хабарламасында.

КХДР-ынан қашып шықты деп болжанып отырған ер азаматтың жағдайының қандай екендігі әзірге белгісіз.