02 там, 2017 сағат 15:49

Кіші Ислам Каримов: Анама жала жауып отыр

Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Каримовтың үлкен қызы Гүлнара Каримованың ұлы, кіші Ислам Каримов бас прокуратураны анасына қатысты қылмыстық істі қолдан жасап отыр деп айыптады. BBC-ге берген, 1 тамызда жарияланған сұхбатында кіші Ислам Каримов анасына жала жабылып отыр деді.

28 шілдеде Өзбекстан бас прокуратурасы Каримованың қамауда екенін хабарлаған. Прокуратураның ақпараты бойынша, 2015 жылы тамызда Ташкент облыстық қылмыстық істер соты Каримованың бас еркіндігін бес жылға шектеген. Қазір оған қатысты қылмыстық кодекстің басқа бабы бойынша тергеу жалғасып жатыр.

Кіші Ислам Каримов сөзінше, өзінің анасына қарсы мәлімдемелердің бәрі "бұрмаланған, қолдан жасалған". "Қолдарынан келген барлық жаланы, барлық жымқырылған қаражатты, барлық минстрліктен менің анама жауып отыр: оны қамап өздері сүттен ақ болып шығып, жұмысын әрі қарай істей бермекші", - деді ол. 

Бұрынғы президент жиенінің айтуынша, Гүлнара Каримоваға телінген активтер, (істе 2 миллиард доллар көлемінде қаржы жымқырғаны айтылады) шын мәнінде анасынікі емес және Каримованың туыстары Өзбекстан шенеуніктерінің ахуалы жайлы үлкен құжатты жариялауға дайындалып жатыр. 

Каримованың ұлы BBC-ге 1 тамызда қолына тиген сот құжатының 3 шілдеде дайындалғанын, құжатта анасының түрмеге ауыстырылғаны хабарланғанын айтады. Бұл құжаттың растығын анықтау мүмкін болмай тұр.