24 сәу, 2019 сағат 08:21

Ким Чен Ын іссапармен Ресейге аттанды

КХДР жоғарғы көшбасшысы Ким Чен Ын сәрсенбі күні таңертең өзінің бронепойызымен Ресейге аттанды. Бұл туралы Кореяның Орталық телеграф агенттігі хабарлады.

Хабарламада сондай-ақ, КХДР көшбасшысының Ресейге сапарында Корея Еңбек партиясының ОК төрағасының орынбасарлары Ким Пхен Хэ және О Су Ен бірге бара жатқаны айтылады. Сонымен қатар Сыртқы істер министрі Ли Ен Хо, Корея халық әскері Басштабының басшысы Ли Ен Гиль және СІМ-нің бірінші орынбасары Цой Сон Хи де делегаттар қатарында.

Бұған дейін әлемдік БАҚ-та Ким Чен Ын мен Ресей президенті Владимир Путиннің кездесуі өтетіні туралы хабарланған.