01 қаң, 2018 сағат 21:12

Хорхе Луис Борхес: "Менің күнәм – ғаламның ең ауыр күнәсі"

Әлем әдебиетінің көрнекті өкілі, аргентиналық ақын Хорхе Луис Борхестің бір топ өлеңін жас ақын Файзулла Төлтайдың аудармасында оқырман назарына ұсынамыз.

«Құпия жазба» кітабынан

БӨТЕН

Ғибадатханада алдаспан мүлгіп тұрды.
Алдаспанды еш бір заман көрмеген
пірәдардың бірі мен.
Ал тобырлар қоладан жасалынған әйнекке
табынады не тасқа.
Ал меніңше, есте жоқ ескі заманда
Оларды таңдаған секілді аз болғаны үшін.
Ашығын айтайын:
Синтоизм –
ең еркін мәдениет түрі.
Ең еркін және ең ескі.
Біздерде ең көне хаттар бар, жазуы көмескі.
Тіпті синтоизмді қабылдай алады бұғы мен шық есті.
Ол бәрін еңбекке баулиды,
белгілемей бірақ ағлақты.
Кім қалай өмір сүреді ештеңені бекітпейді жан-жақты
және ешкімді қорқытпайды, еш сыйлықты та алмайды.
Оны ұстаушылар Будданың я Исаның ізімен жүруіне құқылы.
Ол Императорды құрметтейді және өлген кісіні.
Себебі,
Өлгеннен соң адамның айналатынына құдайға
және жақындарын жебейтініне сенеді.
Өлгеннен соң ағаштың айналатынына құдайға
және жақындарын жебейтініне сенеді.
Тұздың, судың және әуеннің тазалайтынына сенеді.
Ол Құдайдың сансыз көп екендігіне сенеді.

Таңсәріде кәрі ақын перулық келіп-кетті бұл маңға
көрмейді екен қос көзі.
Галереяда отып, бақшамыздың самалымен,
сазды жердің иісімен,
кіл қанатты құдайлардың әуенімен бөлістік.
Аудармашы арқылы түсіндіре бастадым дінім жайлы ең ескі.
Жорамалдай алмаймын түсінді деп мен оны.
Ештеңені байқатпайды батыстық келбеті.
Оралған соң Перуға
мен бұл жайлы Жыр жазам деп уәде етті.
Жазды ма екен, білмеймін:
енді қашан кездестірем перулықтың ер кейпін.

«Қара бақыр» кітабынан

БАСТЫҒЫРЫЛУ

Алтын тәжді хан көрдім мен әлгінде түсімде
Көз қадайды қалшиып қара түнек ішінде.
Мұндай жүзді көрмеп ем, алдаспаны расында
Иесіне адал ит сынды қыңсылайды қасында

Бұл кім екен – норвегиялық, нортумбриялық па әлде?
Солтүстіктің адамы ма, танымадым әлі де?
Түсі жирен қап-қалың көкірегін түк басқан
Ұзақ, үнсіз қарайды ештеңкені ұқпастан.

Өмір оны тербетіп қандай да бір теңізден
белгісіз бір кемеде жіберді екен нені іздеп?
Әкелген бе жоқ әлде самай шашы қуарған
өткені мен кешегі қасіретін жыларман?

Мұңды көзбен қарайды, мен секілді кінәлі
Қап-қараңғы, қазір түн, мені азғырып тұр әлі.

ЖАЗҒЫРУ

Менің күнәм –
ғаламның ең ауыр күнәсі.
Бір сәттік бақыттың білмегем бағасын.
Мұз көші қойнына жасырып тәнімді
жадынан шығарсын жанымның дауасын.

Өртенуіміз үшін тағдырдың тезіне
бабамның белінен жаралғам, өсіп ем –
жел менен жер үшін, су менен шаң үшін.
Бірақ мен бақытсыз күдікке кезігем.

Алдадым оларды. Өмірлік ұрыстар
көкке ұшқан өлеңді қайтадан дұрыстау,
түтіннен тоқылған өрнектер –маған ба керегі?!
Мен деген текті елдің ұлымын – жылбысқа.

Артымда күллі әлем: қалды енді аз күшім –
Әлі де қарап тұр қайғылы жазмышым.

ЖАЗУ

Сусане Еомбаль
1915 жылы Женевадағы бір музей витринасынан қытай иероглифтері жазылған биік қоңырауды көріп қалдым. 1976 жылы осы бір шумақтарды жазып отырмын:

Бір қызығы,
дәл қазір түнектің ең соңғы дұғасы бола алам,
кіл құлдыраулар мен өмірдің мәнін сақтаған
сөзі де бола алам.
Тіпті өзің білетін Чжуанцзы түсіне айналып,
шегі жоқ тәмсіл мен жай бір күн бола алам.
Енді мен өлең боп сөзіңе өзгерем қалаған
құпияңа атыңа, сырыңа
қанша жыл бекерге соғылған сағаттың ішіне тығылған
Мен деген барлығы бола алам.
Тек мені түнекте қалдыруыңды қалағам.

ӨЗГЕНІҢ СЫБАҒАСЫ

Жоқ, бұл жазу барлығын аман сақтап қала алмас,
Бүгін тағы бір есімді қайталайсың үреймен;
Сыбағасын өзгенің алам дейсің қай елден:
өз ізіңмен қаланған, лабиринтте амал да аз.

Саған әлде Сократ пен Иса өлімі керек пе?
іңір келіп көз жұмған уақыттында, жүдеген
Мына жалған әлеммен қоштасуды тілеген
Керек пе әлде Будданың соңғы демі бөлектеу?

Құдіретті бұл сөзді құлат, жаса бәрібір
онда ешқандай қауқар жоқ –бәрі ғайып болады
Аяушылықты білмейтін жаһаннамның алауы
сынды түн де білмейді таң атарын тағы бір.

уақытысың сен-дағы өз мәніңнің сырғыған
Әр сәтінде керексің сенер болсаң шын бұған.

СОҢЫ

Тағдырының реңі жоқ білімдардың ұлы еді.
жетіммін деп сезініп жылағанмен не етеді?!
Мәнсіздікпен ендігі күрескісі келеді
өзі және сананы: айырылмаған екеуі.

қайғысымен өзінің тұрса-дағы қауышып
Барлық жерден жалықпай іздейді Оның дауысын.
Оны табу – қалауы
құдіретке сенеді өлімнен де жоғары.

Санасында әрдайым жаңғырады бұл бір іс
мезі болған әлемде жоғалмаған құлшыныс –
іздеді Оны ашпаған құрлықтардан және де
келген жері-өкініш, кетер жері-тәуекел.

Іздеуші кім болса да, Жаратқаннан сұрарым
Жұбатпай-ақ қой оны, орындашы қалауын.

Орыс тілінен аударған: Файзулла ТӨЛТАЙ

Хорхе Луис Борхес. Өлеңдер.

 «Құпия жазба» кітабынан

БӨТЕН

Ғибадатханада алдаспан мүлгіп тұрды.

Алдаспанды еш бір заман көрмеген

пірәдардың бірі мен.

Ал тобырлар қоладан жасалынған әйнекке

табынады не тасқа.

Ал меніңше, есте жоқ ескі заманда

Оларды таңдаған секілді аз болғаны үшін.

Ашығын айтайын:

Синтоизм –

ең еркін мәдениет түрі.

Ең еркін және ең ескі.

Біздерде ең көне хаттар бар, жазуы көмескі.

Тіпті синтоизмді қабылдай алады бұғы мен шық есті.

Ол бәрін еңбекке баулиды,

белгілемей бірақ ағлақты.

Кім қалай өмір сүреді ештеңені бекітпейді жан-жақты

және ешкімді қорқытпайды, еш сыйлықты та алмайды.

Оны ұстаушылар Будданың я Исаның ізімен жүруіне құқылы.

Ол Императорды құрметтейді және өлген кісіні.

Себебі,

Өлгеннен соң адамның айналатынына құдайға

және жақындарын жебейтініне сенеді.

Өлгеннен соң ағаштың айналатынына құдайға

және жақындарын жебейтініне сенеді.

Тұздың, судың және әуеннің тазалайтынына сенеді.

Ол Құдайдың сансыз көп екендігіне сенеді.

Таңсәріде кәрі ақын Перулық келіп-кетті бұл маңға

көрмейді екен қос көзі.

Галереяда отып, бақшамыздың самалымен,

сазды жердің иісімен,

кіл қанатты құдайлардың әуенімен бөлістік.

Аудармашы арқылы түсіндіре басқадым дінім жайлы ең ескі.

Жорамалдай алмаймын түсінді деп мен оны.

Ештеңені байқатпайды Батыстық келбеті.

Оралған соң Перуға

мен бұл жайлы Жыр жазам деп уәде етті.

Жазды ма екен, білмеймін:

енді қашан кездестірем Перулықтың ер кейпін.

 «Қара бақыр» кітабынан

БАСТЫҒЫРЫЛУ

Алтын тәжді хан көрдім мен әлгінде түсімде

Көз қадайды қалшиып қара түнек ішінде.

Мұндай жүзді көрмеп ем, алдаспаны расында

Иесіне адал ит сынды қыңсылайды қасында

Бұл кім екен –норвегиялық, нортумбриялық па әлде?

Солтүстіктің адамы ма, танымадым әлі де?

Түсі жирен қап-қалың көкірегін түк басқан

Ұзақ, үнсіз қарайды ештеңкені ұқпастан.

Өмір оны тербетіп қандай да бір теңізден

белгісіз бір кемеде жіберді екен нені іздеп?

Әкелген бе жоқ әлде самай шашы қуарған

өткені мен кешегі қасіретін жыларман?

Мұңды көзбен қарайды, мен секілді кінәлі

Қап-қараңғы, қазір түн, мені азғырып тұр әлі.

ЖАЗҒЫРУ

Менің күнәм –

ғаламның ең ауыр күнәсі.

Бір сәттік бақыттың білмегем бағасын.

Мұз көші қойнына жасырып тәнімді

жадынан шығарсын жанымның дауасын.

Өртенуіміз үшін тағдырдың тезіне

бабамның белінен жаралғам, өсіп ем –

жел менен жер үшін, су менен шаң үшін.

Бірақ мен бақытсыз күдікке кезігем.

Алдадым оларды. Өмірлік ұрыстар

көкке ұшқан өлеңді қайтадан дұрыстау,

түтіннен тоқылған өрнектер –маған ба керегі?!

Мен деген текті елдің ұлымын –жылбысқа.

Артымда күллі әлем: қалды енді аз күшім –

Әлі де қарап тұр қайғылы жазмышым.

ЖАЗУ

Сусане Еомбаль

1915 жылы Женевадағы бір музей витринасынан қытай иероглифтері жазылған биік қоңырауды көріп қалдым. 1976 жылы осы бір шумақтарды жазып отырмын:

Бір қызығы,

дәл қазір түнектің ең соңғы дұғасы бола алам,

кіл құлдыраулар мен өмірдің мәнін сақтаған

сөзі де бола алам.

Тіпті өзің білетін Чжуанцзы түсіне айналып,

шегі жоқ тәмсіл мен жай бір күн бола алам.

Енді мен өлең боп сөзіңе өзгерем қалаған

құпияңа атыңа, сырыңа

қанша жыл бекерге соғылған сағаттың ішіне тығылған

Мен деген барлығы бола алам.

Тек мені түнекте қалдыруыңды қалағам.

ӨЗГЕНІҢ СЫБАҒАСЫ

Жоқ, бұл жазу барлығын аман сақтап қала алмас,

Бүгін тағы бір есімді қайталайсың үреймен;

Сыбағасын өзгенің алам дейсің қай елден:

өз ізіңмен қаланған, лабиринтте амал да аз.

Саған әлде Сократ пен Иса өлімі керек пе?

іңір келіп көз жұмған уақыттында, жүдеген

Мына жалған әлеммен қоштасуды тілеген

Керек пе әлде Будданың соңғы демі бөлектеу?

Құдіретті бұл сөзді құлат, жаса бәрібір

онда ешқандай қауқар жоқ –бәрі ғайып болады

Аяушылықты білмейтін жаһаннамның алауы

сынды түн де білмейді таң атарын тағы бір.

уақытысың сен-дағы өз мәніңнің сырғыған

Әр сәтінде керексің сенер болсаң шын бұған.

СОҢЫ

Тағдырының реңі жоқ білімдардың ұлы еді.

жетіммін деп сезініп жылағанмен не етеді?!

Мәнсіздікпен ендігі күрескісі келеді

өзі және сананы: айырылмаған екеуі.

қайғысымен өзінің тұрса-дағы қауышып

Барлық жерден жалықпай іздейді Оның дауысын.

Оны табу –қалауы