14 қар, 2016 сағат 12:04

Хиллари мен Билл Клинтонның ажырасатыны хабарланды

АҚШ президенттігіне сайлауда жеңіліс тапқан Хиллари Клинтон өзінің күйеуі Биллмен ажырасуға арыз берді, - деп хабарлайды Lenta.ru Christian Times Newspaper басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметі бойынша, 10 қарашада Хилларидің қорғаушылары қажетті құжаттарды Нью-Йорктің Жоғарғы сотына жолдады. 

Ажырасуға себеп ретінде арыз беруші "келісуге келмейтін алауыздықтар" деп көрсеткен екен.

kaz.tengrinews.kz