07 қаң, 2017 сағат 08:39

Хиллари Клинтон Нью-Йорк мэрі болуы мүмкін

- АҚШ-та президенттік науқанда Республикалық партия атынан үміткер болған Дональд Трамптан ұтылған Хиллари Клинтон Нью-Йорк мэрінің сайлауында бағын сынайды. New York Daily News басылымы өз дереккөзіне сілтеме жасап, Демократиялық партияның жоғары лауазымды өкілі Клинтонмен әңгімелесу барысында ол осы орынға  өз кандидатурасын ұсынатынын хабарлады, деп жазды Лайф.ру.

Басылым бұған оны демократтар шақырып отырғанын нақтылайды. Бұл ретте өткен президенттік науқан барысында Нью-Йорктің бұрынғы басшысы Билла де Блазио мен Хиллари Клинтон қатынасы шиеленісіп кетті, содан кейін ол Клинтонды президенттікке үміткер ретінде қолдаудан бас тартқан.

Билла де  Блазионың мерзімі  осы жылдың аяғында аяқталады.   

АҚШ-тағы ірі қала басшысын сайлау  осы жылғы 7 қарашада өтеді.