30 қыр, 2017 сағат 22:06

Халықтың санасы мен намысы оянды

Биыл Қазақстанның мемлекеттік тілі Қазақ тілі деп жарияланғанына 28(!) жыл толды. Алайда көргеніміз - баяғы жартас: Бөгде тілдегі министр, әкім, депутат, қоғамға қызмет, ақпарат, теледидар, мәдениет, т.б. Бұл аралықта совет шекпенінен шыққан бар республикада мемлекеттік тіл жаңғырды, құтты орнына жайғасты, жалғыз бізде Қазақ тілі қудалануда. Әйтпесе Қазақша қызмет сұраған азамат неге сотталады, енді бірі ондай талабы орындалмағанда неліктен аштық жариялауға бекінеді? Қазақстандай өз тілінің жанашырын қорлаған ел бар ма әлемде? Расы сол, билік үндемесе де, заман өзгерді, халықтың санасы мен намысы оянды. Шыдамның да шегі бар. Айтпағым бір: шенділер осылайша Ата заң мен Қазақ тілін менсінбеуін доғармаса, түбі жамандық болады.

***

Өткенде Қызылжарда орыстілді ортамен сан кездесуде талай жақсы ойлар айтылды. Қысқаша: Біріншіден, Қазақ тілін оқымаймын, білгім жоқ деген бір адам болмады. Екіншіден, Қазақ тілінің қажеттігін дәл осылай 15-20 жыл бұрын бізге неге ешкім қадап айтпады? Үшінші, орыстілдіге биліктің өзі неге қатаң талап қоймайды - оқу мен жұмыста? Төртіншіден, кететіні кетті, ал біз Қазақстан азаматы болғанды қалаймыз. Неліктен бізге орысшаны тықпалай береді, неліктен Қазақтың өзі тілдік орта құрып, бізбен қазақша сөйлеспейді? Бір славян бойжеткен Петропавлды Қызылжар қылып өзгерту жайлы уәж айтты. Соңғысы, кеш те болса осыны бетімізге ашық айтқанға рахмет дегені. Нүкте.

Расул Жұмалының фейсуктағы жазбасынан