19 сәу, 2018 сағат 20:01

Халықтың діни сауатын арттыру жұмыстары белсенді жүргізілуі керек - Дархан Кәлетаев

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев еліміздің бас мешіті - «Әзірет Сұлтан» мешітіне барды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мешітті аралау барысында министр Бас мүфти Серікбай қажы Оразбен, мешіттің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы және наиб-мүфти Бауыржан Есмаханмен кездесті. Діни басқарма басшылары мешіттің жұмысымен және оның сәулет ерекшеліктерімен таныстырды.

Дархан Кәлетаев құлшылық бөлмелері мен оқу-ағартушылық бағыттағы топтардың оқу залдарын, сондай-ақ ҚМДБ жанындағы «Хикмет» телеарадио студиясының жұмысымен танысты.