#
#
Бейсенбі 24/05/2018

Сағадиев: Халықтың 85% ағылшын тілінде сабақ беруді қолдады

  • 13.02.2018
  • 1
  • 9302

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев 10-11 сыныптарда төрт пәнді ағылшын тілінде оқытуға дайындық жұмыстары жөнінде баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында берілген тапсырма еді.  

"10-11 сыныптарда 4 пәнді ағылшын тілінде оқыту үшін оқулықтарды, методикалық кешенді дайындау, экспертиза жасау және апробациялау, мұғалімдердің дайындығын арттыру сынды жұмыстары жүріп жатыр. Бұл мәселе бойынша ата-аналармен, мұғалімдермен, мектеп директорларымен талқылауды жалғастырамыз. Себебі, бізге дайындықты нақты түсіну қажет. Бірнеше өзгерістер болады, оны оқу жылының аяғында бүкіл қоғамға жеткіземіз, - деді Е. Сағадиев ҚР БҒМ алқасының кеңейтілген отырысында.

Министрдің айтуынша, жоғары сыныпта кей пәндерді ағылшын тілінде өтуге халықтың басым бөлігі оң қабақ танытып отыр.

«Қазіргі еріктілік принципі оң ықпалын тигізіп отыр. Елімізде 12 мыңнан астам мұғалімдер ағылшын тілінің А2 деңгейінен В2 деңгейіне өту үшін ерікті курстарға жазылды. Бұл - бізге қажетті мұғалімдердің жартысы. Олар өткен жылдан бері оқып келеді. Көптеген директорлар осы тәсілді дұрыс деп санайды, яғни ешкімді тіл оқуға мәжбүрлемеу керек. Ал оқығысы келгендерге - бар жағдайды жасау керек. Халықтың 85 проценті - мұғалімдер, ата-аналар мен балалар бірқатар пәндердің ағылшын тілінде жүргізілгенін қалайды. Сондықтан, мұны тиімді пайдалану керек", - деп өз сөзін түйіндеді министр.

1 пікір

  • ЕртайСейсенбі, 13.02.2018

    Сағадиев мырза қай уақытта 18 миллион халықпен тілдесіп үлгерім жүрсіз? Өтіріктің құйрығы бір тұтам деген бұныңыз жалған мəлімет.Сіздің енгізген жүйеңіздің арқанызда балаларымыз таза сауатсыз болып шықты ,бірінші сыныпты аяқтауға жақын қалса да əлі күнге дейін екі əріптің басын қосып,онға дейін сан санай алмайды.

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар