#
#
Бейсенбі 04/06/2020

Халыққа қызмет көрсету орталықтары штаттық режимде жұмыс істеуде

  • 16.03.2020
  • 0
  • 134

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс уақыты өзгерген жоқ, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Кеше бірқатар мессенджер арқылы 17 наурыздан бастап еліміздегі халыққа қызмет көрсету орталықтары, соның ішінде автокөлік жүргізушілеріне арналған мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысын тоқтататыны туралы ақпарат тарады. 

Осы мәселеге қатысты ҚазАқпарат тілшісіне «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының қоғаммен байланыс департаментінің басшысы Мұрат Жұманбай жауап берді.

«Елімізде халыққа қызмет көрсету орталықтары штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Қызметкерлерге қатысты медициналық маска тағу, антисептиктер қолдану, қолды жиі жуу сияқты коронавирустан қорғану іс-шаралары қабылдануда. Әзірге жұмыс әдеттегідей таңғы 9:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жалғасуда», - дейді Мұрат Жұманбай.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар