02 қыр, 2016 сағат 07:46

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегерлері анықталды

Тамыздың 25-і күні Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының секретариаты болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Жиында бірқатар мәселелер талқыланды. Секретариат шешімімен Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығы иегерлері анықталды. Атап айтқанда: Қорғанбек Аманжоловқа "Арапа" өлеңдер жинағы үшін, Жанат Әскербекқызына "Айтамғы" өлеңдер жинағы үшін, Қайрат Бақбергеновке "Междуречье" аударма жинағы үшін, Нұрлан Қалқаға "Мизам шауақ" өлеңдер жинағы үшін, Молдахмет Қаназға "Жанқожа Нұрмұмаммедұлы" романы үшін, Өтеген Оралбаевқа "Қағбаның қарлығаштары" жинағы үшін, Жұмагүл Солтиеваға "Сағым қуғандар", "Әйел махаббаты" пьесалары үшін, Әдібай Табылдиевке, Рахым Балабиевке, Сұлтан Оразалиновке, Қуанышбай Құрманғалиға "Әдебиетті насихаттаудағы еңбегі үшін" аталған сыйлық берілді.