18 қыр, 2019 сағат 08:13

Хабиб Нурмагомедов спорттық мансабын аяқтау туралы айтты

Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов мансабын аяқтамас бұрын тағы 3-4 жекпе-жек өткізбек, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

«Әкем әлі екі жылдай жұдырықтасуға болады, жаттығуында немесе режимінде қандай да бір олқылықтар көрсем, өзіңе айтамын. Ал әзірге жаттыға бер, тәртіпті бұзба деді. Қазір 28 мәрте жеңіске жеткеннен кейін ішімнен отыз жеңіс жетеді деп ойлаймын, 30:0 жақсы болар еді. Кем дегенде 3-4 жекпе-жек өткізу керек. Ең азы 30 болуы керек деп ойлаймын», - деді Нурмагомедов.