16 қаз, 2018 сағат 15:37

Хабиб Нурмагомедов Макгрегормен қарымта жекпе-жектен бас тартты

Ресейлік ММА шебері Хабиб Нурмагомедов ирландық Конор Макгрегорге қарсы қарымта жекпе-жекке шығудан бас тартты, деп хабарлайды "Спорт-Экспресс" спортшының ағасы Алекс Нурмагомедовке сілтеме жасап.

Аралас жекпе-жек шеберінің туысы айтқандай, бұл кездесу Хабиб үшін қызықты емес.

"Ешқандай ақша үшін онымен жекпе-жекке шықпайды. Қарымта кездесу ұсынып отырғанын білемін. Келіскен жағдайда 15 миллион береміз деп уәде еткен еді. Бірақ Хабиб "жоқ" деді. Конор кезекке тұрып, басқалармен жұдырықтаса берсін. Ал Хабиб Фергюсонмен жекпе-жекке шыққысы келеді, содан кейін мансабын аяқтамақ", — деп атап өтті ол.

Естеріңізге сала кетсек, 2018 жылы 6 қазанда Хабиб Лас-Вегастағы жекпе-жекте Конор Макгрегорді жеңген болатын. Қарсыласына тұншықтыру әдісін қолданып жеңіске жеткен Хабиб ринг қоршауынан асып түсіп, көрермендердің бірі – Макгрегордің спарринг-партнері Дилон Денниске шабуыл жасады. Сол кезде рингке Хабибтің командасындағы адамдар шығып, Макгрегорге тап берді.

Кейінірек Нурмагомедов өзіне тіл тигізгені үшін осындай қадамға барғанын айтып, түсіндірді. Дегенмен жарыс ережелерін бұзғандықтан UFC Хабибке кездесу үшін берілетін 2 миллион долларды төлемеді. Бірақ UFC чемпионы белбеуін сақтап қалды.

Sputnik