10 қаң, 2018 сағат 14:17

«Хабар» арнасында бірқатар ауыс-түйіс болды

«Хабар» арнасында бірқатар ауыс-түйістер болды. Бұл туралы «Хабар 24» арнасының директоры Арман Сейітмамыт өзінің әлеуметтік желідеге парақшасында жазды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".    

«Ерлан Игісін бауырымыз "Хабар" арнасының директоры болып тағайындалды. Құтты болсын!», - деді жазды А.Сейітмамыт.

Бұдан бөлек, ол Сандуғаш Рахымжанованы «Қазақ ТВ» арнасының директоры, ал Андрей Тараковты «Хабар 24» арнасының шеф-редакторы қызметіне тағайындалуымен құттықтады.