18 қыр, 2019 сағат 20:39

«Хабар» агенттігінің тапсырысымен түсірілген фильм ТЭФИ сыйлығына ие болды

«Хабар» агенттігінің тапсырысымен түсірілген «Шестой пост» фильмі «ТЭФИ-Содружество» байқауының сыйлығына ие болды, деп хабарлайды Хабар24kz.

«ТЭФИ-Содружество» байқауының сыйлығын табыстаудың салтанатты рәсімі алғаш рет Кишиневте өтті. Көркем фильмде бұдан 9 жыл бұрын Маңғыстау облысында болған қайғылы оқиға жайлы баяндалған. Бұл - болған оқиғаның ізімен түсірілген фильм. 2010 жылдың 22 маусымы. Маңғыстау облысы ГМ 172/1 түзеу колониясынан жат ағымның жетегінде кеткен 21 тұтқын қашпақ болады.

Оларды алып кетуге мұздай қаруланған ондаған адам мен бірнеше көлік түрме сыртында күтіп тұрады. Алайда қарауылда тұрған сарбаз қашқындарды байқап қалып, қылмыскерлердің сытылып кетуіне жол бермейді.