03 сәу, 2020 сағат 16:10

Кейбір дүкендерде компьютер жетіспеушілігі мәселесі бар – министр

Еліміздегі кейбір аймақта қаржы бөлініп, тиісті қаржылық мүмкіндік болғанның өзінде соншама компьютерді қысқа мерзім ішінде сатып алу оңайға түспейді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен мектеп оқушыларының ІV тоқсанда қашықттан оқу жүйесіне арналған онлайн конференцияда айтылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Алматы қаласында қысқа мерзім ішінде 4 220 роутер таратылып, оқушылардың компьютерлерін интернетке қосты. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 5 583 отбасындағы компьютер интернетке қосылды. Бұл жұмыс барлық өңірде жалғасын табады. Роутер сатып алу үшін де біраз уақыт керек. Кейбір аймақта қаржы бөлініп, тиісті қаржылық мүмкіндік болғанның өзінде соншама компьютерді қысқа мерзім ішінде сатып алу қиын болып жатыр. Кейбір дүкендерде компьютер жетіспеушілігі мәселесі бар. Осы мәселенің шешілуі біраз уақытты қажет етеді, дегенмен көбінесе бұл мәселе реттеліп келеді», - дейді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.